Шымкентте жолаушылар автобусы жетіспейді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі қоғамдық көліктер кестеден кешігіп, кешке қарай жүрмей қояды. Қала әкімдігінде шаһар басшысының төрағалығымен өткен алқалы жиында қоғамдық көлік жүргізушілерінің жұмыс барысындағы кемшіліктері сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Жиын барысында  тұрғындарды алаңдататын мәселелер, яғни  қоғамдық көліктердің  жетіспеушілігі мен  жолаушыларға қызмет көрсету сапасының төмендігі, 20.00-ге дейін көлік бағыттарының сақталмауы талқыланды. Қалалық көлік және автожолдар бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, көлік компанияларының басшылары  өздерінің  басты міндеттерін орындамайды, автотұрақтарын жаңартпайды. Сонымен қатар, кейбір бағыттарда ешқандай базасы жоқ және бір автобусы жоқ көлік компаниялары қызмет етеді. Салдарынан 10 бағытпен келісімшарт үзілді. Оның бесеуі пайда әкелмегендіктен жабылған болса, бесеуі уақытша басқа компанияға берілген. Сондай-ақ тасымалдаушылар 12 бағыт бойынша шықпайтындарын айтқан. Себебі, кезінде таласып жүріп тасымалдау мүмкіндігін жеңіп алған көптеген компанияда қазір автобустың жетіспеушілігі байқалады.
null 

 «Нұр Қуаныш» компаниясының  күнделікті бағытқа 21 автобус шығуы керек болса, оның өзінің балансында тек қана 10 автобус қана бар. Яғни, 11 автобус жетпейді. "Ман Оңтүстікке" келетін болсақ, 26 бағытта қызмет көрсетеді. Оларда да тек 17 автобус бар»,- дейді Қуатжан Жұматаев. 
null 

Келеңсіздіктің кесірін қарапайым халық тартып отыр. Өйткені, автобустардың аздығынан қоғамдық көліктердің жүру жиілігі бұзылған.   Ал, әу бастағы келісімшарт бойынша компаниялар жыл сайын автобустардың 20 пайызын жаңғыртып отыруы тиіс болған. Бірақ, компания басшылары бұл талапты орындамай,  автобустарын жаңартпаған. 

«Бізде ең басты екі мәселе бар. Оның біріншісі,  автобустардың ескіргені мен олардың жүрмеу қалуына байланысты. Екіншісі, тиісті бөлім мен компаниялар арасында дұрыс байланыстың жоқтығы. Егер біз бірлесіп осы мәселені шешсек, қалған жағдайлар өздігінен реттелетін болады»,- дейді қала әкімі  Нұрлан Сауранбаев.

Автобустарды жаңартып, жұмыс сапасын жақсарту ісіне енді қала әкімдігі араласатын болды. Ол үшін билік «Вираж - лизинг» компаниясымен келісімге келгенін жеткізді. Аталмыш компания «Даму» қоры арқылы көлікті несиеге береді. Сөйтіп, белгілі мерзім ішінде техникалық қызмет көрсетуге де келісіп отыр. Жиын соңында жолаушы тасымалдаушы компания басшылары  мен қала әкімдігі қалалық көлікті одан әрі дамыту, Шымкенттегі көлік жүйесін жақсарту  мәселесін талқылайтын дөңгелек үстел ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. 
null 

Соңғы жаңалықтар