Шымкентте жұмысшы өліміне қатысты тергеу басталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте құрылыс нысанында мерт болған құрылысшының өліміне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте жұмысшы өліміне қатысты тергеу басталды

Аталған фактіні Қаратау ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 277-бабы (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекетін бастады.

«Қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жалғасып жатыр» делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, Шымкентте биіктен құлаған құрылыс материалы 22 жастағы жігітті басып қалды.