Шымкентте жүргіншіні мерт қылған автобус жүргізушісі іздестіріліп жатыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпароат - Шымкентте жаяу жүргіншіні басып кетіп, мерт қылған автобус жүргізушісіне іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.    
None
None

27 қыркүйек күні кешкі сағат 20.40-тар шамасында Темірлан тас жолында жол көлік оқиғасы болды.  «Митцубиси» көлігінің 42 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қатты соққыдан жолаушы жолдың сол жақ бетіне ұшып түседі. Сол жерде оны автобус басып өтіпті. Қоғамдық көліктің жүргізушісі автобусты тоқтатпастан, оқиға орнынан қашып кеткен.  Ал, ауыр жақат алған 56 жастағы қала тұрғыны жол бойында көз жұмды.

Қазір өңірдің тәртіп сақшылары оқиға орнын қарап шығып, бірқатар сот медициналық сараптамалар тағайындады. «Митцубиси» көлігі айып тұрағына жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің  345 «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен іс қозғалды. Жол апатын жасап, адам қағып кеткен жүргізушіні Облыстық ІІД-нің  жеке құрамы мен Жергілікті полиция қызметі жаппай іздестіріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар