Шымкентте жыл басынан бері жалған нөмір таққан 103 жүргізуші анықталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген жүргізушілер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмірлі көлік құралдарын басқарған 103 жүргізушіні анықтаған.
«Барлық жайт бойынша құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жүргізушілер жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, заңнамаға сәйкес бұл құқықбұзушылық 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», - деп жазды ведомстводан.
Бұдан бұрын Шымқалада көлік багажы үстіне отырып, көше аралаған жастарға айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.