Шымкентте жылыту маусымы басталғалы 11 үйге жылу берілмей отыр - Жансейіт Түймебаев

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жылыту маусымы басталғанымен, 11 үйге жылу берілмей отыр. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қаланың жаңа басшысы мен актив мүшелерімен кездесу кезінде айтты.
None
None

Аймақ басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер етіп отырған бірқатар мәселелерді сөз етіп, бұл бағытта атқарылып отырған жұмыстарды қатаң сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
null

Жансейіт Қансейітұлының сөзінше, ағымдағы  жылдың 9 айының қорытындысы кірістер бойынша салық түсімдерінің жоспары 70 млн теңгеге орындалмағанын көрсеткен. Мемлекеттік сатып алулар бойынша құзырлы орган тарапынан 81 конкурста заңбұзушылықтар анықталыпты. 2009-2016 жылдар аралығында жаңадан іске қосылған 278 нысанның 52-сі осы уақытқа дейін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген. Қазіргі таңда қалада тоқтап тұрған кәсіпорындарды қайта іске қосу немесе оларды басқа мақсатқа пайдалану бойынша жұмыстар өз деңгейінде жүргізілмей отыр. Ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйектегі жағдайы бойынша 53676 шағын орта бизнес субьектілері жұмыс істейтін болса, өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 4,2 пайызға төмендеген. Сондай-ақ, өткен 2016 жылы ауылшаруашылығы мақсатында берілген жерлерді түгендеу жұмыстары нәтижесінде 1180 адамның  3074 гектар жері  пайдаланылмай жатқаны анықталғанымен, мемлекет меншігіне қайтарылмай келеді.

«Бозарық елді мекенінің маңында топырақты және Бадам өзенінің бойында құмды шағыл қоспасын заңсыз пайдалану деректері жиі орын алуда. Ыстық нүктелерге қосуға енгізілген Самал-3, Асар, Құрсай, Азат, Тоғыс тұрғын алаптары мен Таскен, Ынтымақ мөлтек аудандары тұрғындарын тұрақты, сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша жобалық-сметалық құжаттары осы уақытқа дейін әзірленбеген. 2016 жылы берілуге тиісті Бозарық жартылай жабық қосалқы станциясы әлі күнге дейін іске қосылмай тұр. Қаладағы 1167 үй бүгінгі таңда жаңадан тартылған газ жүйесіне қосылмаған», - деді облыс әкімі.
null 

Жансейіт Түймебаев сонымен қатар қаладағы қоғамдық бағыттардағы көліктердің жүруіне де көңілі толмайтынын жеткізді. Оның айтуынша,  шаһардың орталығындағы 70 қоғамдық бағытқа әлі күнге дейін 11-15 орындық шағын автобустармен қызмет көрсетіледі. Оларды сиымдылығы үлкен автобустарға ауыстыру жұмыстары өте баяу жүргізілуде. Қалалық бағыттардағы көліктердің кешкі уақыттағы жиілігі жалпы алғанда 25-30 пайыздан аспайтыны анықталды. Кесте бойынша 18-20 көлік жүруі тиіс бағыттарда 1 немесе 2,3 көлік қызмет көрсетсе, кешке мүлдем жүрмейтін бағыттар бар. Ал, жол құрылысы саласы бойынша 2015-2016 жылдарға өтпелі болған 13 нысан тапсыру мерзімінен кешіктіріліп отыр. «Өрлеу» жобасына қатысты қарастырылған 438 млн теңгенің 144 млн теңгесі игерілмеген. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған 1247 адамның 17-сі немесе 1,1 пайызы ғана жұмысқа орналасқан. Облыс бойынша 63 мыңға жуық адам жұмыссыз ретінде тіркелсе, оның 20 мыңы Шымкент қаласының тұрғындары. Шаһарда жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрап отыр.

Орын алған кемшіліктерді атап өткен аймақ басшысы күні кеше ғана тағайындалған қала әкімі Нұрлан Сауранбаевқа нақты тапсырмалар жүктеді. 

null

Соңғы жаңалықтар