Шымкентте жылыту маусымы қараша айында басталады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жылыту маусымы қараша айынан басталады. Бұл туралы шаһарға жылу беруші «Қуат Жылу Орталық-3» коммуналдық кәсіпорнының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте жылыту маусымы қараша айында басталады

Орталық мамандарының сөзінше, қаладағы көпқабатты үйлердің 98 пайызы жылу қабылдауға дайын. 12 қазаннан бастап 400 шақырымдық магистральді құбырлар суға толтырыла бастайды. 

Биыл 56 нысанда осындай құбырлар ауыстырылып, жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, инвестициялық бағдарлама арқылы 13 шақырым жылу жүйелері жаңартылған. Осындай ауқымды жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан компания басшылығы жылудың бағасын қымбаттатпаймыз деп отыр.