Шымкенттегі 4 аурухана жанына оттегі станциялары орнатылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі төрт аурухананың базасында оттегі станциясы орнатылатын болды. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкенттегі 4 аурухана жанына оттегі станциялары орнатылады

Ербол Садырдың айтуынша, аталған станциялар қалалық перзентхана мен жұқпалы ауруханада, №1 қалалық және №2 көпсалалы ауруханада орнатылмақ. Аталған әр медициналық мекемеде кислородтық 50 төсек-орын ашылады.

Қала әкімінің бірінші орынбасары бұдан бөлек, оттегі өндіретін тағы бір цех іске қосылатынын атап өтті. Онда күніне 1000-2000 дана оттегі баллоны шығарылмақ.

Сонымен қатар ол оттегі өндіретін қаладағы ірі 3 станцияның жұмысы тұрақты бақылауда екенін айтты.

«Жалпы қалада 722 кислородтық төсек-орын бар. Ал, қала аумағындағы барлық 24 ауруханада бір күнде 1200 кислородты баллон қажеттілігі туындап отыр»,- деді Ербол Садыр.