Шымкенттегі АҚТҚ жұқтырған балаларға бірегей дәрі-дәрмектер осы аптада жеткізіледі - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Шымкенттегі АҚТҚ жұқтырған балаларға бірегей дәрі-дәрмектер осы аптада жеткізіледі. Бұл туралы бүгін аталған ведомстовда өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және дәрі-дәрмек қызметін бақылау комитетінің бас сарапшысы Ғалымжан Мырзахметов мәлім етті.

Шымкенттегі АҚТҚ жұқтырған балаларға бірегей дәрі-дәрмектер осы аптада жеткізіледі - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

«ҚР Денсаулық сқатау министрлігінің тапсырмасымен ведомствоның бірқатар қызметкері дәрі-дәрмек жеткізушілермен келіссөз жүргізу мақсатында Мәскеуге кеткен болатын. Себебі дәріні өндіретін «Бристол-Майерс» фармацевтика компаниясының бас өкілдігі осында орналасқан. Бұл көтеріліп отырған мәселе тікелей кездесу барысында шешілетін жайт болатын», дейді Ғ.Мырзахметов.

Оның атап өтуінше, ертең, яғни маусымның 9-ы күні Шымкент қаласына аталған дәрінің 1 айлық көлемі жеткізілмек.

Сонымен қатар ол тендер өткізілген кезде нормативтік-құқықтық актілер аясында арзан бағамен ұсынылған патенттелмеген дәрі-дәрмектің конкурстан өтіп кеткендігін алға тартады. «Бұл орайда патенттелмеген дәрінің елімізге енуіне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің еш қатысы жоқ. Себебі тендерді «СК-Фармация» өткізген болатын», дейді ол.