Шымкенттегі автобустардың 47 пайызы тозған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы автобустардың 47 пайызы тозған. Олардың пайдалану мерзімі 8 және 15 жылдан асып отыр. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының сектор меңгерушісі Наурыз Сүгірәлиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сектор меңгерушісінің сөзінше, алып шаһарға жаңадан 1 мың қоғамдық көлік алу көзделіп отыр. Оның 300-і биылғы желтоқсан айына дейін, ал қалған 700 автобус 2019 жылы алынады деп жоспарлануда.

«Шымкенттегі автобус паркін жаңалау үшін қоғамдық көліктердің қаржысын бөліп алу қарастырылуда. Бұл орайда қалалық әкімдік «БРК-Лизинг» АҚ - қостанайлық «Сарыарқа автопром» үшжақты меморандум жасалды. «БРК-Лизинг» АҚ арқылы 1 мың автобусты 7 жыл мерзімге алғашқы жарнасы 15 пайыз, жылдық 7-8 пайыз ставкамен бөліп төлеуді ұсынды», - дейді Наурыз Сүгірәлиев.

nullАйта кетейік, қазір қалада 26 көлік компаниясы 1090 кестемен қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта Шымкенттегі қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Пилоттық жоба алдымен 30 автобусқа енгізілмек.

Соңғы жаңалықтар