Шымкенттегі блок бекеттер алына бастады

ШЫМКЕНТ ҚазАқпарат - Шымкенттегі блок бекеттер алына бастады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкенттегі блок бекеттер алына бастады

Қазіргі кезде өңірдегі ахуал тұрақталып келеді. Сондықтан Бәйдібек би даңғылы, С.Бәйтереков, Ұ.Арғынбеков секілді орталық көшелерде қойылған онға жуық тосқауыл бекеті алынды. Алдағы уақытта өзге де тосқауыл бекеттерін толығымен алу жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап Шымкент қаласының автоХҚО-лары штаттық режимде жұмыс істей бастады. Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін мамандандырылған ХҚО-да автокөлік иелері өз автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алып, практикалық емтихан тапсыра алады.