Шымкенттегі газ станциясында жарылыс болып, бір адам зардап шекті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі газ станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Мұраз» ЖШС-не тиесілі 3 газ станцияда өрт шыққаны туралы хабарлама өрт сөндіру қызметіне күндізгі сағат 11:03-те түскен.



«Станциядағы өртті сөндіруге бастапқыда 15 техника мен 70-ке тарта адам жұмылдырылған. Қазіргі кезде жалын 90 адам мен 21 техниканың көмегімен ауыздықталуда. Өрт толықтай сөндірілген жоқ», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өрт салдарынан 1999 жылы туған азамат зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар