Шымкенттегі индустриалдық аймақта өрт шығып, сабын дайындауға арналған шикізат жанып кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі индустриалдық аймақта өрт шығып, сабын дайындауға арналған шикізат жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкенттегі индустриалдық аймақта өрт шығып, сабын дайындауға арналған шикізат жанып кетті
Фото: Шымкент ТЖД

Оқиға Еңбекші ауданында орналасқан «Ордабасы» индустриялдық аймақ аумағында болды. «Аль-Абай» ЖШС-на қарасты сабын шығаратын цех қоймасының ішінде сабын дайындауға арналған шикізат өртке оранды.

«Өрттің көлемі – 285 шаршы метр. Сағат 23:02-де оқшауланып, 02:29 толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі мен материалдық шығындардың көлемі анықталып жатыр. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 80 қызметкер, 22 техника, «Эко» ЖШС-нің 4 дана су тасығышы мен 4 қызметкері және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 5 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды» - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.