Шымкенттегі қоғамдық көліктер 600-ге жуық жаңа автобуспен толығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов мегаполистегі қоғамдық көлік мәселесі қалай шешіліп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің қалада қоғамдық көлікті күніне 650 мыңға жуық адам пайдаланады. 25 тасымалдаушы мекемеде 1 621 автобус бар. Олардың 60 пайызы ескірген. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін биыл 300 жаңа автобус алынды», - деді Шымкент қаласының әкімі ОКҚ-да өткен баспасөз мәлихатында.

Шаһар басшысы қаланың қоғамдық көлік мәселесін шешу үшін Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесі қолданылатынын, арнайы мамандармен бірлесе жұмыс тобы құрылып, жол картасы бекітілгенін айтып өтті.

«Жоспарға сәйкес, қаланың көлік саласын дамыту схемасы әзірленеді. 2020 жылы 590 жаңа автобус алынады. Одан бөлек, келесі жылы қоғамдық көлік бағыттарын жаңа форматқа көшіру, заманауи диспетчерлік орталық құру, электрондық билеттендіруді енгізу жұмыстары жүргізіледі», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар