Шымкенттегі көпқабатты үйлерге жылу беріле бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қазаннан 1 қарашаға дейін Шымкенттегі көпқабатты үйдің барлығы орталық жылу жүйесіне қосылады. Ал жылудың ақысына келсек, ол 1 қарашадан бастап есептеледі. Ал жылу есептегіш құрал орнатылған үйлерде басқаша есептеледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Қала әкімі жылу маусымының басталғаны туралы өкімге қол қойды. Шымкентте ол 20 қазаннан ресми басталады. Қазір көпқабатты үйлердің барлығында жылу беру жұмыстары жүруде.

«Біздің сервистік бригада жұмысын бастады. Бұған қоса біз бүгінде үй тұрғындарына үйішілік сервистік қызмет көрсету келісім-шартын жасауды ұсынудамыз. Соның нәтижесінде біз үйдегі жылу жүйесін толығымен жаңарта аламыз. Келісім-шарт жасалған соң біздің барлық жұмысымыздың ақысын бөліп төлеуге болады. Бұған қоса біз келісім-шарт аясында жылу жүйесіндегі олқылықтарды үнемі жөндеп тұратын боламыз. Оның ақысы 1 шаршы метрге - 6 теңге. Яғни, біз вентил мен бұрандаларды, құбырдың бірнеше метрін алмастырамыз», - дейді "Қуат жылу орталығы" МКМ жетекшісі Нұрсадық Ергешбек.

МКМ бас инженері Пердебай Сабитовтың айтуынша, қазір біздің компаниямен қызмет көрсету келісім-шартына 600-ден аса үй тұрғындары қол қойды. Тағы 845 үйге жекеменшік серіктестіктер қызмет көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар