Шымкенттегі металлургтер стадионы қайта жаңғыртылады

ШЫМКЕНТ. Қазақпарат - Шымкенттегі металлургтер стадионы қайта жаңғыртылады. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынған спорттық нысан осы кезге дейін бірде-бір рет жөндеу көрмеген. Сондықтан, оны қала әкімдігі сатып алды. Қазір стадион жергілікті биліктің меншігіне өтті, - деп хабарлайды ҚазАқпараттың аймақтағы тілшісі.

Шымкенттегі металлургтер стадионы қайта жаңғыртылады

null

Стадион адам шошырлық күйге түскен. Кез келген жан бас қақпадан ішке енген бойда салауатты өмір салтын қалыптастыруға емес, керісінше, жұмысын тоқтатқан, бос қаңырап қалған зауыттың аумағына кіргендей болады.

null  

Аумағы 3 гектар жерді алып жатқан нысанда көңіл жадыратар ештеме жоқ. Оң қапталдағы шағын ғимарат тозып кеткен. Кезінде мұнда ауыр атлеттерге арналған спортзал болатын. Қазір, оның сыйқы болса, мынау, - дейді Ярослав Антонов.

null  

Айтпақшы, Ярослав жеңіл атлетиканың чемпионы екен. Параолимпиада ойындарында Қазақстанның туын желбіреткен спортшы. Ол осында 16 жылдан бері жаттығады. 

null  

Жүгіру алаңы талапқа сай деп айтуға ауыз бармайды. Күтіп ұстамағандықтан, асфальтің беті жарылып кеткен. Жарық пайда болған жердің астынан ажырақ шөптердің басы қылтиып өсіп тұр. Бірақ, соған қарамастан, мұнда ауық-ауық спортшылар келіп, жаттығатын көрінеді.

null   

Әр жерде шашылған тұрмыстық қалдықтарды көру қиын емес. Бос қалған шыны ыдыстар мен пластмасса құтылар  лақтырып тастаған жерде жатыр.

null  

Кезінде стадионның әкімшілігіне арнап салынған қос нысан кеңестік кезеңнің көзіндей әлі тұр. Есіктері жабық тұрғанымен, терезелері сынып, кейбірі шытынап кеткен.

null   

Жанға қолайлы ештеме таппаған спортшы қолдан жаттығу құралын өзі жасап алған.

null  

Футбол алаңын шөп басып кеткен. Тұрақты суарылмағандықтан болар, ойын алаңшасының әр жері топыраққа айналған. Доп қақпасы жоқ деуге болмайды, бар, бірақ, ойнауға келмейді. Енді бір шағын футболдың қақпасы жерде төңкеріліп жатыр.

null  

Стадионға айналдыра жарық беретін электр бағаналарынан тек үшеуі ғана қалыпты. Оның өзінде шамдары сынып, енді бірі қисайып жерде жатыр.

null  

Соған қарамастан, мұнда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, футболдан жарыс өткен.

null  

Спортты жанына серік еткен жеткіншектер мына бір ұсқынсыз сарайдың ішінде жаттығатын көрінеді. Бар-жоғы 10 шаршы метрге арналған бөлменің жартысы матамен жабылған. Мұнда келушілер өздері үшін мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасағаны көрінеді. Оның өзінде шатырынан су ағып, құлап қалудың алдында тұр.

null null null null null  

Жергілікті «Отырар» телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, алдағы уақытта мұнда спортшылар үшін бар жағдай жасалмақшы. 2016 жылдың соңында қала басшылығы спорттық нысанды 156 млн. теңгеге сатып алған. Ал ол бұған дейін, аты әйгілі қорғасын зауытының балансында болыпты. Айтуларынша, мұнда екі спорт залы, жекпе-жекке арналған орын және жоғарғы спорт мектебінің әкімшілік ғимараты салынатын болады.

Алмас Сұлтан