Шымкенттегі мейрамханада тұтанған жалын 580 шаршы метр аймақты шарпыды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент орталығындағы дәмханада тұтанған жалын 580 шаршы метрді шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттегі мейрамханада тұтанған жалын 580 шаршы метр аймақты шарпыды

Құтқарушылар өрт апаты туралы егжей-тегжейлі ақпараттарды жариялады. Өрті сөндіруге 95 адам және 24 техника жұмылдырылған. Екі адам құтқарылды.

«11-ші мамыр күні сағат 16:31-де Шымкент қаласындағы Республика даңғылы 12 а үйде орналасқан 1,5 қабатты «Гараж» мейрамханасынан өрт шыққаны туралы хабар келді. Өрттен 2 адам құтқарылды. Өрт 16.58-де толықтай сөндірілді»,- деді ведомство өкілдері.

Өрттің бейнекөрністері мен суреттері де әлеуметтік желілерге тез тарап кетті.