Шымкенттегі онкологиялық орталыққа жаңа қондырғылар орнатылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркия компаниясы Шымкентте емхана салмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкенттегі онкологиялық орталыққа жаңа қондырғылар орнатылады

«Жедел жердем қызметінің сапасын жақсарту үшін тозығы жеткен автокөлік паркіне мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 100 жаңа арнайы автокөлік берілді. Ол жерде бірыңғай «Колл-орталық» іске қосылып, қызмет сапасы және бригаданың қысқа мерзімде жетуіне ықпал етеді. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласына инвесторлар тарапынан қызығушылық жоғары. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында тағы 2 ірі жоба іске асырылды. Атап айтқанда, «Медикер» заманауи медициналық орталығы ашылды. Бұл, қаладағы екі мемлекеттік емханалардағы жүктемені 20-30 мың адамға жеңілдетеді», - деді Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, Қайтпас-1 шағын ауданында 500 орындық емхана құрылысы аяқталып, келесі жылдың қаңтар айында пайдалануға беріледі.

«Келесі жылдан бастап 20 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жеке инвесторлармен бірлесе жүргізіледі. Сондай-ақ, жеке инвестор есебінен 1000 орындық көпсалалы аурухананың құрылысы басталады. Бүгінгі таңда, медицина саласында 25 жылдық тәжірбиесі бар түркиялық «Орхун Медикал» компаниясымен құны 4,1 млрд теңгені құрайтын онкологиялық орталыққа соңғы үлгідегі заманауи позитронды-эмиссионды томография(ПЭТ), циклотрон қондырғысын орнату және емхана салу бойынша меморандум жасалды. Бұл жобалар бюджет қаржыларын үнемдеуге мүмкіндік берді», - деді ол.