Шымкенттегі түрме басшылары сотталғандарға негізсіз жаза қолданған - прокуратура

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі түрме басшылары сотталған 7 азаматқа негізсіз жаза қолданған. Мұндай заңбұзушылықтар кезекті прокурорлық тексерулер кезінде анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкенттегі түрме басшылары сотталғандарға негізсіз жаза қолданған  - прокуратура

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәліметінше, түзету мекемелерінің әкімшілігі сотталғандарға заңсыз жаза қолданған.

«Тексеру барысында жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн ИЧ-167/2 мекемесінде – сотталған 2 азаматқа, ИЧ-167/4 мекемесінде - сотталған 1 азаматқа, ИЧ-167/10 мекемесінде - сотталған 1 азаматқа, ИЧ-167/11 мекемесінде – сотталған 3 азаматқа қолданылған жазалау шаралары негізсіз қабылданған. Бүгінде прокурорлық қадағалау актілері негізінде қолданылған жазалардың күштері жойылған» делінген хабарламада.

Прокурорлар, сондай-ақ, түзеу мекемелерінің басшылары сотталған азаматтарға негізсіз көтермелеу шарасы ретінде «Алғыс» жариялағанын анықтады. Бүгінде аталған шешімдерінің де күштері жойылған.