Шымкенттегі жаппай тәртіпсіздік: 40-тан астам адам ауруханаға түсті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат-Шымкенттегі жаппай тәртіпсіздіктен соң ауруханаларға 40-тан астам адам түскен,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкенттегі жаппай тәртіпсіздік: 40-тан астам адам ауруханаға түсті

Соның ішінде 7 науқас ауыр жағдайда жансақтау бөліміне орналастырылған. Жараланғандардың көбісі пышақ пен оқ тию және ұрып соғу жарақатын алған. Бұл туралы Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов айтып өтті. Жарақаттанғандардың көпшілігінің жас ерекшеліктері 20-30 жас аралығында. Бейбіт шеруден басталып бұзақылыққа жалғасқан көтерілісте 17 тәртіп сақшысы түрлі деңгейде жарақат алған. Төртеуінің жағдайы ауыр, қаза болғандар жоқ. Одан бөлек 57 полиция автокөлігі толығымен жанды. Мәдени нысандар мен шағын бизнеске келтірілген шығын көлемі анықталуда.