Шымкенттегі жол апатынан бір адам көз жұмып, 3 бала зардап шекті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі көлік апатынан бір жолаушы көз жұмып, үш жасөспірім ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкенттегі жол апатынан бір адам көз жұмып, 3 бала зардап шекті

Жол-көлік оқиғасы Бәйдібек би даңғылы мен А.Көшеров көшесінің қиылысында болған. «Toyota Camry» және «Audi S8» автокөліктерінің соқтығысуынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Кәмелет жасқа толмаған 3 бала түрлі дене жарақаттарымен қалалық балалар ауруханасына жеткізілді.

«Оқиға ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі «көлік құралын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.