Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент жұртшылығымен кездесуінде қаланы дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінгені туралы айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді

ҚазАқпарат Президенттің кездесуінде сөйлеген сөзінің маңызды жерлерін жариялайды.

▪️ Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді;

▪️ 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды;

▪️ қала бюджеті 4 есе өсті;

▪️ қаладағы өнеркәсіп өнімі 65 пайызға артты;

▪️ аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй салынды;

▪️ соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жетті, осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді;

▪️ соңғы кезде шаһарға іргелес жатқан 41 елді-мекен қосылды;

▪️ инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттыруға 4 жылда республика бюджетінен 135 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді;

▪️ жылдың соңына дейін 15 мың тұрғыны бар Құрсай аумағына ауыз су жеткізіледі;

▪️ Шымкентте 5 жылдың ішінде 101 мектеп салу жоспарланған;

▪️ қалада соңғы екі жылда 50 жекеменшік мектеп ашылды.