Шымкенттік дәмханадан шыққан өрттен 2 үй мен бір нысанның шатыры жанып кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте кеше кешкісін дәмханадан шыққан өртке қатысты мән-жайлар белгілі болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тамақтану орнынан тұтанған өрт сол маңдағы екі үй мен бір нысанның шатырына жайылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Өрттің салдарынан «Мармелад» кафесінің ауласында көлемі 81 шаршы метр тапшаны мен 12 шаршы метр жазғы асханасының шатыры жанып кеткен. Тілсіз жаудан көрші тұрған Байтұрсынов көшесі № 24 «А» үйдің 28 шаршы метр, № 24 үйдің 48 шаршы метр және ЖК «Егізбай» қарасты қарауылхананың 6 шаршы метр шатырына өткен. Өрттің жалпы көлемі 175 шаршы метрді құраған. Жалынды сөндіруге 27 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды. Тілсіз жау сағат 19:35-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, кеше кешкі сағат алтылар шамасында қаланың орталығындағы  «Мармелад» дәмханасынан от шығып, жалын көрші тұрған үйлерге тарап кеткен болатын . Куәгерлер өртенген дәмхананың сыртқы ауласын бейнтаспаға түсіріп, әлеуметтік желіге салған еді. Әзірге ТЖД өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум