Шымкенттік дәрігерлер қатты күйік шалған 10 жасар балаға 19 операция жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте қатты күйіктен 19 операция жасатқан 10 жасар баланың жағдайы жақсарып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,
None
Фото: gov.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, алты айдан бері ауруханада жатқан бала теміржол төсенішінде ойнап жүріп, электр тогынан қатты күйік алған.

Оқиға 2022 жылғы 9 қарашада Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының жанында болған еді. Бүгінгі таңда дәрігерлер ауыр жағдайда жеткізілген пациентке 13 рет теріні ауыстыру операциясын және 6 некрэктомия жасады.
Денесі толық күйіп қалған бала шамамен 3 ай қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде болды және палатаға ауыстырылды.
Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасының комбустиолог дәрігері бұл жағдай туралы былай деді:

«Пациент ауруханаға 2022 жылғы 9 қарашада өте ауыр жағдайда түсті. Күйік мөлшері үлкен, 65 пайыз болды. Біздің ауруханада күйікпен емделіп жатқан кез жағдайы жақсарды», - дейді ол.

«Ауруханадағы білікті дәрігерлер баланың сауығып кетуі және оң нәтижелерге қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар