01:38, 29 Тамыз 2014 | GMT +5
Шымкенттік депутаттар қалалықтарды төртінші ауданды атауға үлес қосуға шақырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының депутаттары қалалықтарды пікір алмасуға шақырады. Мұндағы талқыға түсер тақырып - қала аумағында құрылатын жаңа ауданның атауы болып отыр.

Еске салсақ, ОҚО мәслихатының соңғы сессиясында облыс басшысы Асқар Мырзахметов Шымкентте жаңа ауданның ашылуы мүмкін екенін айтқан болатын. Оның атауын талқылауға байланысты қоғамдық тыңдау бүгін 29 тамыз күні сағат 11:00-де қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының конференц-залында өтеді. Өз пікіріңізді айтып, ұсыныстарды қолдап, қорғауға мүмкіндігіңіз бар. Әзірге жаңа ауданға берілуі мүмкін атаулардың арасында «Астана» және «Сайрам» басымдыққа ие. Ендеше, сіз де өз нұсқаңызды ұсыныңыз, деп хабарланған ОҚО әкімдігінің ресми сайтында.