Шымкенттік футболшылар Еуропа лигасының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

АЛМАТЫ. 6 шілде. ҚазАқпарат - Кеше Сербияның Ягодина қаласының 15 мың орындық стадионында Еуропа лигасының іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны өтті.
None
None

Онда Шымкенттің «Ордабасы» мен алаң иелерінің «Ягодина» командалары кездесті. Бұл ойында «Ордабасының» №11 шабуылшысы Гейе Мансур ойынның 85-ші минутында ашқан есеп кездесудің соңына дейін өзгеріссіз қалды. Сырт алаңда  0:1 есебімен басым түскен шымкенттіктер келесі ойынын 12 шілдеде Алматының Орталық стадионында өткізеді. Егер бұл сайыста да өз басымдығын дәлелдей алса, Еуропа лигасының екінші кезеңінде Норвегияның Тронхейм қаласының «Русенборга» мен Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласының «Крузейдерс» командаларының арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар