Шымкенттік қалталы азаматтың ұлы зообаққа арыстанның күшігін тарту етті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік олигарх Серікжан Сейітжановтың ұлы зообаққа арыстанның күшігін тарту етті. Бұл туралы хайуанаттар бағының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қыстың соңғы күнінде Шымкент зообағына арыстанның төлі абаданды Əміржан Бауыржанұлы Сейтжанов сыйға тарту етті. Жыртқыштың лақап аты "Конор". 4 айлық абаданның денсаулығы жақсы. Вольерге кірген бойда, жанындағы басқа жыртқыштармен сəлемдескен секілді ырылдасып, еркелік жасады», делінген хабарламада.