Шымкенттік кәсіпкер Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге 10 млн теңге аударды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік кәсіпкер Қайрат Молдасейітов Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге 10 млн теңге аударды.

Кәсіпкер қалалық Кәсіпкерлер палатасы қарамағындағы бизнес өкілдерін қайырымдылыққа шақырып, қаржылай көмек көрсету қорын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, Қайрат Молдасейітов сондай-ақ, өзге де әріптестерін көмек қолын созуға шақырды.

«Құрметті кәсіпкерлер! Сіздерді өңірімізде болған осындай қайғылы оқиғадан зардап шеккен отандастарымызға көмек көрсетуге шақырамын! Шет қалмай, барлықтарыңыз атсалысып көмектесуге келіңіздер! Арыс қаласындағы төтенше жағдайға және зардап шеккендер мен көшірілген қала тұрғындарына көмек көрсету қажеттілігіне байланысты мен өз атымнан 10.000.000 теңге бөлу туралы шешім қабылдадым»,- деді ол өз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар