Шымкенттік кәсіпкерлер 8 мың тонна мазутты заңсыз сатқан

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері 1,1 млрд теңгеден астам сомаға 8 мың тоннаға жуық мазуттың заңсыз сатылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкенттік кәсіпкерлер 8 мың тонна мазутты заңсыз сатқан

«Осылайша, екі кәсіпкер белгісіз тұлғалардан мазут сатып алып, әрі қарай шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз түрлі компанияларға мазутты заңсыз өткізген. Сот үкімімен аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды», - деп жазды ведомстводан.