Шымкенттік құзға өрмелеуші бүкіләлемдік экстремалды ойындардың «алтын» жүлдесін жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкенттік құзға өрмелеуші Тамара Кузнецова бүкіләлемдік экстремалдық ойындардың алтын жүлдесін жеңіп алды, деп жазады sports.kz.

Шымкенттік құзға өрмелеуші бүкіләлемдік экстремалды ойындардың «алтын» жүлдесін жеңіп алды

Шанхайда өткен жыл сайынғы бүкіл әлемнен жиылған мықты деген құзға өрмелеушілер жылдам көтерілуде кедергілері бар құзға шықты. Қазақстаннан ойындарға үш құзға өремелеуші барды. Алайда жүлде тек Тамара Кузнецоваға бұйырды.

23 жастағы шымкенттік спортшы - әлем чемпионаттарының үш дүркін жеңімпазы, Азияның бірнеше дүркін чемпионы. Қазір Тамара Кузнецова құзға өрмелеу бойынша әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Ол қыркүйектің ортасында Испанияда өтеді.