Шымкенттік мекемелердің көгілдір отынға қарызы 2 млрд. теңгеден асқан

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көгілдір отынға қарыз мекемелер көбейген. Тұтынған газ үшін «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы алдындағы берешек қарыз қазір 2 млрд. теңгеден асқан. Берешек қарызы барлардың тізімін Шымкенттегі «ЖылуЭнергоОрталық-3» мекемесі 1 млрд 727 млн 836 мың теңгемен бастап тұр.

Шымкенттік мекемелердің көгілдір отынға қарызы 2 млрд. теңгеден асқан

Ал «ҚуатЖылуОрталық» қарызы 55 млн. теңгеден астам. Тізімдегілер қатарында Мақтарал, Түлкібас аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемелері де бар көрінеді.

Түйткілді мәселе үкіметке дейін жеткен. Кезекті отырыста Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елдің премьер-министріне жағдайды хабарлап, облыс әкімдеріне берешек қарыздармен жұмыс жасауды жүктемесе, жағдай одан сайын шиеленісіп кетуі мүмкін екендігін айтқан. 

Ерлан Жүнісбайұлы