Шымкенттік оқушылар латын әліпбиін тасжолға түсірді
Қала ішіндегі болашақ қалашықта өткен іс-шарада оқушылар асфальт және мольбертке сурет салу конкурсына қатысты. Мұнда жас суретшілер туындыларының көрмесі өтті. Оқушылар латын әліпбиіндегі әр дыбысты өзінше бейнеледі. Осылайша, жерге жаңа алфавитті салып шықты. Бұған қоса аула клубтарының тәрбиеленушілері мен қаланың би ұжымдарының қатысуымен флешмоб өтті. Шымкенттің болашақтағы бейнесін өз қиылдарымен суреттеуге тырысты.
Айта кетейік, «Шымкент сити» жобасы 2015 жылы Шымкент қалалық мәслихатының сессиясында таныстырылған. Жоба бойынша 427 гектар аумақта 70 мың тұрғынға шақталған қала ішіндегі қала бой көтереді. Мұндағы құрылыс 2016 жылы басталды. Қазір бұл ауданда коммуналдық желінің, 7 жол мен 20 үйдің құрылысы аяқталып қалды. Алдағы уақытта мұнда көп қабатты 316 үй салынып, жалпы аудан 12 орамға бөлінеді деп жоспарлануда. Әлеуметтік мекемелер - мектептер, балабақшалар мен үлкен саябақ та салынады.