Шымкенттік шенеуніктер бюджет ақшасын жымқырудың тағы бір жолын тапты

«Аталға қылмыс Шымкент қаласында анықталды. Оған қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ішкі істер және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Олар «жеке кәсіпкердің» атымен 100-ден астам кәсіпорын ашып, соның бәріне адамдарды жұмысқа тұрғызған. Сол үшін мемлекеттің ақшасын алған. Ал, шын мәнінде, ешқандай жұмыс орындары да болған жоқ. Бүгінде «Қоғамдық жұмыс орындары» бағдарламасына 308 адамның қатысқаны анықталды», - деді ҚР Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеулер қызметінің өкілі Арман Есембаев бүгінгі баспасөз мәслиxатында.
Оның айтуынша, тергеу кезінде қылмыстық топтың бір мүшесінен 88 мөртабан, жеке кәсіпкерлердің атына ашылған 68 банк кітапшасы және 188 адамның банк картасы тәркіленді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Мемлекетке келген шығынның жалпы сомасы анықталып жатыр.
Айта кетейік, соңғы алты айдың ішінде экономикалық қылмыстар бойынша мемлекетке келген шығын 151,5 млрд теңгені құрады. Аталған қаржының бәрі әлеуметтік бағдарламаларға арналған болатын. Ол ақшаға шамамен 70 мектепті немесе 80 балабақшаны тұрғызуға, немесе 40 ауруxананы салып, оны толығымен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге болатын еді.