Шымкенттік студент көшедегі мұқтаж адамдарға палау таратты
«Жас Отанның» баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайырымдылық шарасына ерікті жастар да атсалысқан.
Айбар өзі сияқты ерікті жастарды жинап, күзетшілер, аула сыпырушылар, қоқыс тазалап жүрген және мектеп, ауруханада еден жуатын жандардың еңбегін бағалап, алғыс айту мақсатында әрі үй-күйсіз қалған көшедегі адамдарға палау, бауырсақ пен шәй таратты. Жалпы 25 келі палау пісіріліп, барлығы бір күнде таратылды. Жақсылықты еш себепсіз, қарапайым шымкенттік жігіт секілді жасай білейік» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өңірдің еріктілері сондай-ақ 1 наурыз - Алғыс айту күнінде қала тұрғындарына тосын сый жасамақ.
Айта кетейік, 22 жастағы студент Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде білім алады. Ол бұған дейін де қайырымдылық шараларын жасағаны белгілі. Балалар үйлері мен мүмкіндігі шектеулі, өздігінен жүріп- тұра алмайтын жеткіншектерге қолұшын беріп, қарттар үйіндегі қарияларға да қамқорлық танытып келеді. Көзі көрмейтін зағиптар үшін Брайль кітабын шығарған.