14:40, 05 Мамыр 2010 | GMT +5
Шымкенттік жігіт елордада сексуалдық қызмет көрсететін притон ұйымдастырған
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарағандыда кәсіби-техникалық лицейдің студентін Астанға алып келіп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Шымкент қаласының 32 жасар тұрғыны мен оның 25 жасар сыбайлас құрбысы ұсталды.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, тәртіп сақшылары олардың ізіне ұзақ уақыттан беріп түскен. Ал арнайы жүргізілген тексерулер барысында аталмыш азамат пен оның құрбысы Теміртау қаласындағы кәсіптік-техникалық лицейде оқитын 18 жасар қызды ұдайы соққыға жығып отырғандығын анықтаған. Олар студент қызды жалға алған пәтерде қамап ұстап, сексуалдық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Осыған байланысты ұсталғандарға адам саудалап оны бас бостандығынан айырды, притон ұйымдастырып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген сияқты бірнеше айыптар тағылып отыр.