Шымкенттің 5 тұрғыны «COVID-19» инфекциясын жұқтырған
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Ауру жұқтырғандар 1963ж, 1967ж, 1985,ж, 1989ж, 1994 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Осыған орай, екі ошақ анықталған: «Самал-2» шағынауданындағы Балғын көшесі және «Тассай» тұрғын үй алабындағы Жаңақұрылыс аумағы.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде