Шымкенттің Қаратау ауданында ХҚКО түнге дейін істейтін болды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірі түн жарымға дейін қызмет көрсететін болды.
Бұл шара «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының пилоттық жобасы аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Әзірге қаланың Қаратау ауданы, Нұрсәт шағынауданында орналасқан орталықтың жұмыс уақыты түнгі 24.00-ге дейін ұзартылды. Орталық мамандары түнгі он екіге дейін қызметтер тек аптаның жұмыс күндері көрсетілетінін ескертеді.
Айта кетейік, түн жарымға дейін қызмет көрсету бүгінде Алматы, Астана қалаларында кеңінен қолданысқа енген.