Шымкенттің көпқабатты үйлеріне қандала қаптап кеткен

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің көпқабатты үйлерінде қандала қаптап кеткен. Қыстан бері пайда болған жәндіктер әсіресе балаларды шағып, ұйықтатпауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Мұндай жағдай шаһардың Студенттер қалашығы мен Айбергенов көшесіндегі көпқабатты үйлерде болған. Тұрғындар алғашында денелері қызарып, ісініп, қышынғанда аллергия деп ойлаған. Кейін жәндіктер үйдің кез-келген бұрышынан, тіпті жастық, көрпенің тігісінінен шығып жатқанын байқаған. Оларды қанша өлтіргенімен, азаймай, керісінше көбейіп кеткен. Тұрғындар олардың қандала екенін білген соң, арнайы мамандарды шақыртқан.

«Қыстан бері мезі болдық. Үй ішімізбен түні бойы өлтіріп шығамыз. Мамандар келді де, дәрілеп тастады. Арасында сірке суы қосылған сумен үйді қайта-қайта жудық та. Мүмкін, содан кетер деп үміттендік. Алайда, одан нәтиже шықпады. Қазір пәтердегі түсқағаздарды ауыстырып жатырмыз»,-дейді Айнаш Ақбердиева.

Бәрінен де кішкентай балалары және мүгедек жандары бар тұрғындарға қиын болып тұр. Үйден шыға алмаған жандарды жәндік шаға беріп, аллергия болыпты. Ол аздай жылуды жақсы көретін жәндік күн ысыған сайын көбейе түскен.

null

Ал, мамандар болса үйдің тұрғындары жәндіктермен жаппай күресіп, үйді толық дәрілеу қажет деп отыр.

«Тұрғындар кәсіби мамандарға хабарласқаны жөн. Сосын мамандардың залалсыздандыру кезінде айтқан шараларын орындамаса нәтижесі болмайды. Себебі, бұл жәндіктер кел келген дәрілерге өле бермейді»,-дейді облыстық дезинфекциялық орталықтың бөлім басшысы Елена Шестопанова.

Санитар мамандар қандаладан қауіп жоқ, ол ауру таратпайтын жәндік деп отыр. Алайда олар 3-4 күнде 300-ге жуық жұмыртқа тастайды екен. Егер пәтерге кіріп алса болды, бірден көбейіп кететінін айтады.

Соңғы жаңалықтар