Шымкенттің «Қыраны» «ЦСКА»-ны ойсырата жеңді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші лигада өнер көрсететін Шымкеттің «Қыраны» алматылық ЦСКА-ның 6:1 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлады sports.kz.
Алғашқы голды ойынның жетінші минутында Бекзат Жақсыбайұлы салғанымен, алматылықтар Иван Каркачевтің голымен таразы басын теңестірді. Осыдан кейін Мұрат Өнал алаң иелерін алға сүйреді. Бұл ойында Санат Жумахановтың бағы жанды. Ол хет-трик жасап, қоржынындағы соғылған голдар санын 12-ге жеткізді. Қонақтардың қақпасына 6-шы голды салып, ойынның жеңісті нүктесін қойған Ілияс Әмірсейітов болды. Ойын қорытындысы бойынша есеп: 6:1.