Шымкенттің мәдени ошақтары жылуға зәру

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің бірқатар мәдени ошақтары жылусыз отыр-деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Театрларда қойылымдар тоқтатылып, көрермендер келуден қалған. Ғимараттардың салқындығынан өнер адамдарының да денсаулықтары сыр беріп қалғандықтан, киініп жүруге мәжбүр.

Шымкенттің  мәдени ошақтары жылуға зәру

«Оңтүстік-Цирк» мекемесінің және облыстық орыс драма театрының ғимараттары құрылыс жұмыстары мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген кездегі жіберілген олқылықтарға байланысты салқындау. Бірақ та қойылымдар мен көрсетілімдер алдында қосымша жылыту құралдары арқылы көрермендер отыратын залдар жылытылады», - дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы  Нұрболат Ахметжан.

null  

Облыс орталығындағы орыс драма театрының ұжымы көрермендерге жаңа спектакльді енді қыс ауасында емес, көктемде ұсынбақшы. Ал  «Оңтүстік циркте» көрермен қойылымдарды сырт киіммен отырып, тамашалайды. Н. Ахметжанның айтуынша, қазір кемшіліктерге жол берген мердігерлердің ісі сотта қаралатын болады.

«Облыстық әкімдік тарапынан мердігерлерге өздері жіберген кемшіліктерінің орнын толтыру бойынша тиісті талап-хаттар жолданды. Жағдай шешілмесе сот органдарына шағым түсіріледі», - делінген облыстық мәдениет басқармасының хабарламасында. 

Айнұр Ақбаева