Шымкенттің ондаған көшесінде екі күн бойы газ болмайды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкенттің ондаған көшесіне екі күн бойы газ берілмейді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкенттің ондаған көшесінде екі күн бойы газ болмайды

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, көгілдір отынды уақытша өшіру газ құбырларын жылыту маусымына дайындау мақсатында қолға алынып отыр.

"02-04 шілде күндері Шымкент қаласының мына көшелерінде газ беру уақытша тоқтатылады:

- Шымкент қ. №1 ШНОС айналма жолындағы ГТП-126 жүйесіне қосылған абоненттерде, яғни Жастар, Қапал батыр, Панфилов, Р. Павлан, Б.Рамиз, Төлеметов, Тойшы-ата, Амур-аға, Құрбан-ата, Гагарин, Алмалы, Ақниет, Игілік көшелері, Гагарин және Теміржол өткелдері.  

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚОФ келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды" делінген хабарламада.