Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубы Румынияның Бухарест қаласының («Рапид») аяқдопшлыарына 2:4 есебімен есе жіберді

АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Бүгін Түркияның Анталия қаласында футболдан Шешен Республикасының Тұңғыш Президенті Ахмат Қадыровтың кубогы үшін  өтіп жатқан  халықаралық турнирдің топтық кезеңі аяқталады.

 Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубы Румынияның Бухарест қаласының («Рапид»)  аяқдопшлыарына 2:4 есебімен есе жіберді

Онда "А" тобындағы өнер көрсетіп жатқан Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубы кеше Румынияның Бухарест қаласының («Рапид»), аяқдопшлыарына 2:4 есебімен есе жіберді. Бүгін олар енді Латвияның Даугавпилс қаласының «Даугава» футболшыларымен күш сынасады. Бұған дейін олар алғашық ойында Шешенстанның  Грозный қаласының «Терек» командасына 0:1 есебімен ұтылған еді. Қазір турнир кестесінде 6 ұпаймен «Терек» пен «Рапид» көш бастап келеді. Ал «Ордабасы «мен «Даунаваның» қоржыны әзірге бос. Сондықтан бүгінгі ойында  олар бір-бірінен ұпай  алу үшін барлық күш-жігерін жұмылдыруға тырысады. Латвиялықтар бұған дейін  шешендерге 0:3, ал румындарға 1:3 есебімен ұтылған еді. Енді 3 ақпанда топтық кезеңнің жеңімпаздары 1-орынға, ал екінші орын алғандар 3-орынға таласады. Қазір «Б» тобындағы командалардың бәрінде  3 ұпайдан бар. Онда  Харьковтың  «Металлист», Бакудың «Нефтчи», Варшаваның  «Полония» және Ташкенттің  «Пахтакор» командалары өнер көрсетуде. Бүгін бакуліктер мен ташкенттіктер, харьковтіктер мен варшавалықтар өзара шеберлік байқасады.