Шымкенттің теміржол вокзалынан жарылғыш зат табылмады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің теміржол вокзалынан жарылғыш зат табылмады.
Шымқаланың теміржол бекетінің қызметкерлері ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар келіп түскен бетте одан шамамен 500-ге жуық адамның сыртқа шығарылғаны туралы хабарлады. Арнайы қызмет өкілдері оқиға орнында екі сағаттан астам уақыт бойы жұмыс жасады.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, белгісіз біреу полицияға қоңырау шалып, аталмыш ғимаратқа жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлаған болатын. Бұл деректің жалғандығы анықталған соң теміржол бекеті маңындағы қоршау алынып тасталды. Пойыздар Шымкент стансасы арқылы жүрістерін қайта жандандырды. Жарылғыш затты іздестіру кезінде бекет жұмысы шамамен бір сағаттай тоқтап тұрған еді.