Шымкенттің жасыл аймағы 13 мың гектарға ұлғайтылады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент жыл санап жасыл желекті қалаға айналып келеді. Мегаполисте жасыл аймақтың аумағы алдағы бес жылда 13 мың гектарға ұлғаяды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.
«Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспарын әзірлеген. Жоспарға сәйкес, 2021 жылы жаңадан
Биыл 800 мыңға жуық ағаш егу жоспарланған болса, көктемде соның 72 мың түбі отырғызылған. Ал, күзде 700 мыңнан астам көшет сенбіліктер аясында егіледі.
Сонымен қатар, биыл 8 айда 201,1 мың шаршы метр аумаққа жаздық гүлдер мен 18,5 мың шаршы метр жерге газон және 159 700 түп лигуструм егілген.
Жасыл аймаққа егілетін ағаш көшеттерін әзірлеу мақсатында қалада 8 гектарлық тұқымбақ ұйымдастырылды. Қазіргі таңда тұқымбақтың