Шымкеттік қолындағы сақинасын шешу үшін құтқарушыларды шақырды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте сақинасын шеше алмай қалған әйел құтқарушыларды шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны сағат 05.54-те құтқару қызметіне хабарласқан.
«Құрамында 4 адамнан құрылған құтқару тобы оқиға орнына 12 минутта жетіп, зардап шеккен азаматшаға көмектескен. Олар саусағы ісіп кеткен тұрғынға көмек көрсетіп, сақинасын шешіп берді»- делінген хабарламада.