03:19, 09 Шілде 2017 | GMT +5
Шымкеттік тұрғын күннің ыстығын жұмыртқа пісіріп көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкеттік тұрғын 50 градус ыстыққа жұмыртқа қуырды, деп жазады otyrar.kz.

Тапқыр тұрғын күннің ыстығын көрсету үшін ерекше тәжірибе жасап, оны YouTube желісіне жүктеді.
Ер адам күннің көзі қатты түсіп тұрған бетон үстіне табаны қойып, оған май құйып, шикі жұмыртқаны жарып салады. Екі минут өтпей-ақ жұмыртқа пісіп шыққан.
Видео авторы газға үнем жасап, осылай көшеде отырып тамақ дайындауға болады деп әзілдейді.
Айта кетейік, синоптиктер жақын күндері оңтүстік өңірдегі аптап ыстықтың беті қайтатындығын болжап отыр.