Шыназбекова жеңіл атлетикадан қазақ қыздары арасында тұңғыш Азия чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатының екінші күні әйелдер арасында 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгірген Әйгерім Шыназбекова чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Шыназбекова жеңіл атлетикадан қазақ қыздары арасында тұңғыш Азия чемпионы атанды

Әйгерім Тегеранда аталған қашықтықты 8.32 секундта жүгірді. Сөйтіп, қарсыластарының барлығын қапы қалдырып, алғаш рет жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпазы атанып отыр.

Айта кетейік, Қазақстан спортшылары жабық кешендегі Азия чемпионатынан әзірге 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Әйгерімнің алдында Ирина Эктова (үш қарғып секіру), Светлана Голендова (400 метрге жүгіру), Татьяна Нерознак (3000 метрге жүгіру) чемпион атанған болатын. Сондай-ақ Виктория Зябкина (60 метрге жүгіру), Элина Михина (400 метрге жүгіру) күміс, Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру) қола жүлде жеңіп алған.

Жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионаты.

2 ақпан. Иран, Тегеран.

60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, әйелдер:

1.Әйгерім Шыназбекова (Қазақстан) - 8.32 с
2. Elnaz kompani (Иран) - 8.46
3. Sara nadafi (Иран) - 8.87.