Шындықты айта білу екінің бірінің қолынан келмейді - сенатор С.Жалмағамбетова

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - «Шалқар» радиосының тұрақты «Депутат сағаты» бағдарламасында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетовамен сұхбат өтті.
None
None

Тікелей эфирде өткен сұхбат барысында халық қалаулысы: «Шындық мұрат болуы керек. Шындықты айта білу екінің бірінің қолынан келмейді. Меніңше, депутаттар да кейде шындықты аса айта бермейді. Бірақ шындықты айту - ол мақсат. Өйткені сайлаушылар сайлағанда «біздің мүддемізді ашық қорғайды, ештеңеден қорықпайды, осы мәселелерді көтереді», деп сенеді ғой. Сондықтан да сол сенімді ақтауымыз керек деп ойлаймын. Кейде менің айтқан шындығым Үкіметке ұнамайтын да шығар, көптеген өкпелер де болуы мүмкін. Бірақ мен айтпай қоймаймын. Әсіресе, бюджеттің орындалуы барысына көптеген қатты сын айтып жүрмін», - дейді.

Соңғы жаңалықтар