Шыңғыс Айтматовтың басылмаған романы табылды

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Шыңғыс Айтматовтың қағаздарының арасынан «Жер мен сырнай» атты  басылмаған романы табылды. Бұл туралы жазушының қызы Шырын Айтматоваға сілтеме жасап, K-News хабарлайды. Романға Қырғызстанда Үлкен Шу каналын салуға қатысқан бір адамның өмірі арқау болған.

Шыңғыс Айтматовтың басылмаған романы табылды

«Қолжазбаның парақтары әбден сарғайып кетіпті, сондықтан әкем оны ертеректе жазған болуы мүмкін. Қазір біз оны бастырып, электрондық нұсқада сақтап қойдық. Бір жылдың ішінде баспадан орыс тілінде шығарып қалармыз», - дейді Айтматова.

Оның айтуынша, роман эмоцияға толы, бәлкім сондықтан да жазушы оны көзі тірісінде бастыруға құлшынбаған болар. Сондай-ақ, Айтматова болашақта кітапты ағылшын тіліне аудару ниетін де жасырмаған.

Шыңғыс Айтматов - әлем әдебиетінің классигі, «Ғасырдан да ұзақ күн», «Алғашқы мұғалім», «Жанпида» және басқа да романдары бар. Ол Лениндік сыйлықтың, үш мәрте КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері болды. Сондай-ақ, Еуропаның әдеби сыйлығының және әдебиет саласындағы басқа да көптеген наградалар мен сыйлықтардың иегері.