Шыңғыс Айтматовтың зайыбы өмірден озды

БІШКЕК. Кабар - ҚазАқпарат - Шыңғыс Айтматовтың зайыбы – Мария Айтматова өмірден озды. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шыңғыс Айтматовтың зайыбы өмірден озды

«Ұлы жазушы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың зайыбы Мария Урматқызы Айтматованың өмірден озуын байланысты отбасына қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды «Шыңғыс Айтматов атындағы Ыстықкөл форумы» қорының вице-президенті Ассоль Молдокматова желідегі парақшасында.

Мария Урматқызы 1942 жылдың 13 шілдесінде Шу облысында дүниеге келген.