«Шыңғыс ханның түркілік ғұмырнамасы» деп аталатын жаңа кітап жарық көрді

АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Маусымның 4-і күні Алматыда Қайрат Зікірияның «Шыңғысханның түркілік ғұмырнамасы» деп аталатын кітабының тұсаукесері өтеді,

«Шыңғыс ханның түркілік ғұмырнамасы» деп аталатын жаңа кітап жарық көрді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазіргі заман қазақтарының киелі аңызы бойынша жазылған құжаттамалық зерттеу «Жібек жолы» баспасынан жарық көріп отыр. Авторы педагогика ғылымының докторы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ұлы Петр ғылым және өнер академиясы мен Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі Қазақтың спорт және туризм академиясының ректоры Қайрат Қайроллаұлы Зікірия. Ғалымның бұл еңбегін қазақ тіліне аударған тәржімашы - әдебиеттанушы, ақын Дәурен Мұқанов. «Қайрат Зікірия Толағайдың жүгін арқалап, ақиқаттың ауылына бет алды. Тарихи шындық ? бұл біздің білгіміз келген нысанамыз. Ақиқатқа толығымен қол жеткізгіміз келеді. Өркениеттің даму жолдарын, соның ішінде Шыңғысханның түркілік ғұмыры жайында сөз ету үшін, Қ. Зікірия 12-ші ғасырдағы тарихи ережелер тәртібін қағида етіп ұстанып отырған жоқ. Онда жұмыс өлшемдерінің көрсеткіші ұлттық-тарихи сипат шекарасынан және Шыңғысхан дәуірінен асып түсіп, жалпы адамзат құндылықтары мәселелерін танып білуге мүмкіндік береді. Болашақ оқырманның үлесінде тағы да бір батыл тұрғыдағы жаңалық немесе тосын сипаттағы зерттеу жорамалдары күтіп тұр деп сенуге жол ашады», - дейді кітаптың алғы сөзін жазған филология ғылымының кандидаты, профессор Петр Поминов.